«Болашақ» стипендиялық бағдарламасының жыл сайынғы конкурсының қорытындысы бойынша АҚИҰҒО қызметкері — Нұржан Мұқашев «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, ол Оңтүстік Калифорния университетінің (University of Southern California) Кэк медициналық мектебіне (Keck School of Medicine) «Молекулалық микробиология және иммунология» магистрлік бағдарламасы бойынша оқуға шақыру алды. М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО ұжымы Мұқашев Нұржанды құттықтайды және оқуда тек табыс тілейді. АҚИҰҒО өз қызметкерлерінің жетістіктерін мақтан тұтады және Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамыту үшін, мамандардың өзін-өзі кәсіби тұрғыда өсіру үшін жас ғалымдарды қолдап, ынталандыруға өз үлесін қосуда.

Айта кетсек, бүгінгі күні АҚИҰҒО-да Бундесвер микробиология университетінің (Германия) PhD докторлары, еуропалық жоғары оқу орындары мен Назарбаев университетінің магистранттары жұмыс істейді.

Национальный научный центр особо опасных инфекций
г. Алматы,
ул Жахангер, дом 14

Все права на сайт и его содержание защищены. Сайт создан в AlmatySite.kz